«Қазгидромет» РМК жұма күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. Синоптиктердің мәліметінше, күн райы жауын-шашынсыз болады.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 6-11 м/с құрайды.
Ауа температурасы: түнде 0 градус шамасында, күндіз 8-10 жылы.
1 және 2 сәуірге қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың ыдырауына әсер етеді.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.
Фото: Константин Шелков





