Преимущественно ясно10.4°
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарСпортКазахстанскиеМирНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 6 июня 2018 13:39

 0    127

0

В избранное

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

24 - 30 шілде аралығында QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен (ПМПИ) және «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігімен бірге, Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ Павлодар облысында Баянауыл ұлттық паркінің базасында «Хан Қорық» жастар фестивалін өткізеді.
Фестиваль жастардың бойында өз еліне, тарихына, мәдениетіне деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталған және Қазақстанның түрлі облыстарында өткізілетін студенттерге арналған QazaqGeography-дың жыл сайынғы жобасы болып келеді. Фестивальдің мақсаты – жастарды еліміздің тарихи, мәдени ескерткіштерімен және табиғи қорықтарымен таныстыру.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің ықпалымен 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған фестиваль Қарағанды облысындағы Ұлытауда, ал 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілді. 
Биылғы жылы фестиваль Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан бастау алған «Туған жер»  бағдарламасын және «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын іске асыру шеңберінде өтетін болады. Фестивальға 14 қазақстандық жоғары оқу орнының және 4 шетелдік университеттің (Ресей мен Моңғолия) студенттері, сондай-ақ QazaqGeography мүшелері – жастар қатысады. Биыл басқа елдердің студенттері фестивальға алғаш рет қатысады, мұның өзі оған халықаралық мәртебе береді. 
Қатысушыларға табиғат ескерткіштерін аралау, экскурсия, лекция, баяндама, бағыттар бойынша шеберлік сыныптары және тарихи-мәдени көрікті орындарды зерделеу ұсынылады. Бағыт студенттер мен QazaqGeography мүшелері Баянауыл өңірі мен Павлодар қаласының ең қызықты тарихи ескерткіштерін және табиғи қорықтарын аралай алатындай етіп ұйымдастырылған. ПМПИ-да «Туған жер» - менің тарихым, менің мәдениетім,  менің туған өлкем» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Фестивальдің соңғы күнінде студенттер Павлодар қаласында «Ертіс күні» мерекесіне қатысады.
2013 жылы құрылған QazaqGeography бес басым бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биологиялық алуан түрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі таңда келесі өңірлерде 11 өкілдік ашылған: Алматы қ., Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
QazaqGeography жобаларды Еуразиялық Топ (ERG), «Востокцветмет» ЖШС, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сияқты компаниялардың демеушілік қолдауымен жүзеге асырады.
QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ
Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53, 11 блок , 11.103 кеңсе
Тел: +7(7172) 70 61 54, 70 66 07
Вэб сайт:www.qazaqgeography.kz, email: kazgeography@nu.edu.kz

Павлодар :: 6 июня 2018 13:39

 0    127

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Владимир Владимир 9 мая 2020 01:55

Пишут в последнее время о том что у парикмахеров возросли доходы Хотелось бы поинтересоваться а почему С чем это связано Доллар подскочил или нефть подорожала Кстати этим мотивируют цены торговцы на базаре Но если меня стригли за1000 то почему сейчас за 5000 Что поменялось Я понимаю что мастера сидели без зароботка Но ведь и Я не купался в роскоши Сидел в самоизоляции И мне никто за это время не повысил зарплату И что теперь делать Вставать на забастовку повысить зарплату Куда смотрит правительство

К новости:
Портрет девочки в гимнастёрке украсит стену дома в Павлодаре

Ольга Ольга6 мая 2020 11:17

Почему пишут и говорят одно а на самом деле совсем не так Говорили что раз в неделю мы можем с села выехать за продуктами и в аптеку либо навестить пожилых родителей а что в итоге заявку на выезд онлайн подали нам отказали поехали а на блок посту вернули обратно По тел 109 никаких понятных разьяснений не дали И как нам в итоге быть

К новости:
Полезная информация на период карантина

Владимир Владимир 30 апреля 2020 15:20

Кому и для кого это пишут Сплошной обман Это как двойная бухгалтерия Для народа пишут одно а у полиции свои инструкции Я работаю всю неделю в родительский день небыло возможности поехать на кладбище надеялся это сделать в выходные опираясь на это разрешение Поинтересовался по горячей линии можно ли проехать а мне сказали что об этом даже не слышали Поедете вас арестуют

К новости:
Аким Павлодара сообщил о том, что на кладбище горожане могут поехать на личном транспорте

Видео