- Кезекті жаттығу күні аяқталған соң клуб әкімшілігі, бапкерлер мен футболшылар Кенжекөлдегі отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барып қайтты, - дейді баспасөз қызметінде. - Ұл-қыздар футболшыларды құшақ жая қарсы алып, тәтті дастарханнан дәм татқызды. Еркін отырыс барысында олар ашық әңгімеге көшіп, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Команда өкілдері балаларға арнап клуб атрибутикаларын және доптарды сыйға тартты. Кездесудің ең маңызды бөлігі
- меморандумның жасалуы болды. Алдағы жылдан бастап кенжекөлдік балалар негізгі құрамның ойыншыларын алаңға қолдарынан ұстап бірге шығады. Бүгінгі таңда осы орталықта 70 тәрбиеленуші бар.
http://pavlodarnews.kz/Picturemanager/ABZIKFOTO/Z9AD4e7lc8s.jpg
Кейін ойыншылар тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың оңалту орталығында болып, сый-сипаттар табыстады.