Мероприятие было организовано областным управлением по развитию языков в рамках программы по «духовной модернизации».
Работой для диктанта был выбран рассказ «Байлық» казахского писателя Миржакыпа ДУЛАТОВА. В мероприятии, целью которого было показать знания по государственному языку и их совершенствование, приняли участие представители этнокультурных центров, слушатели курсов казахского языка и молодежь. Лучшие участники будут награждены дипломами и поощрительными призами на круглом столе в честь дня Независимости
павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы 29 қараша күні «Ана тілі» орталығында мемлекеттік тілде диктант жазу шарасын ұйымдастырды.
Диктант жұмысына қазақ жазушысы Міржақып Дулатовтың адамгершілік, мейірімділік және қайырымдылық қасиеттерді насихаттауға арналған «Байлық» әңгімесі қолданылды.
Мемлекеттік тілдегі сауаттарын байқауға және білімін одан әрі жетілдіруге бағытталған шараға этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, қазақ тілі курсының тыңдаушылары және жастар қатысты.
Шара қатысушыларын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай келе, «Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, сондай-ақ ұлттардың ынтымағы мен бірлігін жарастыратын да, Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да осы мемлекеттік тіліміз» деп түйіндеді өз сөзін облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы С.Османова.
Үздік қатысушылар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған дөңгелек үстел шарасында дипломдармен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталатын болады.