
Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қала басшысы жұмыс сапарын тұрғын үй аулаларын аралаудан бастады, өткен жылдары орнатылған балалар алаңдарын қарап шықты және осы модульдерді одан әрі пайдалану үшін олардың сапасын салыстырды. Естеріңізге сала кетейік, биыл Павлодарда 150 жаңа балалар ойын алаң орнатылады.
Бұдан кейін әкім Едіге би көшесіндегі сәндік қоршауды қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Бұл ауданның тұрғындары өткен жылы аталмыш аумақты абаттандырудан және қала тұрғындары үшін демалыс орындарын жасаудан бас тартқан болатын.
Жұмыс сапарының соңында Асайын Байханов "Коммунсервис" КММ-нің базасына барды, онда қазіргі уақытта құтқару мұнараларын монтаждау жұмыстары жүргізілуде, олар кейінірек қалалық жағажайда орнатылатын болады.