°
Павлодар

Добрый день, похоже Вы первый раз зашли на наш портал.

Уточните пожалуйста, Ваш город Павлодар?

Да, верно Другой город
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарКазахстанскиеНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 2 апреля 2022 10:01

 0    356

0

В избранное

Павлодар кәсіпкерлері IT-технологияларды меңгере алады

«Техновумен» қоғамдастығында павлодарлық кәсіпкерлерге цифрлық технологиялардың көмегімен өз мүмкіндіктерін іске асыруға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы  қоғамдастықтың негізін қалаушы Азиза Шужеева хабарлады.
- Қазір біз жаңа технологиялар ғасырында өмір сүріп жатырмыз, іс жүзінде барлығы да болашақта цифрлық жүйеге айналады. медицина мен білім беру қазірдің өзінде қашықтықтан жұмыс істеуге көшуде, - дейді Азиза Шужеева. - Бұл - онлайн жұмыс істеуге және өз балаларын тәрбиелеумен айналысуға мүмкіндік беретін жұмыспен қамтудың гибридті түрі. Сіз кез келген өнімді жасап, оны электрондық коммерция арқылы сата аласыз. Цифрлық әлем әйелдер үшін даму мен ақша табудың көптеген бағыттарын ашады. 
Оның айтуынша, «Техновумен» қоғамдастығының мақсаты - әйелдерге жаңа цифрлық әлемде өзін және өз орнын табуға көмектесу. Сондай-ақ цифрлық дағдыларды танымал етуге, әйелдерге стереотиптерден қорықпауды және сандық құралдарды қалай пайдалану керектігін үйретеді.
- Қазір ұйым қалыптасу сатысында. Біз бірінші форум өткізіп, әйелдер технологиялық қауымдастығының өте үлкен екенін көрдік. Мысалы, AstanaHub-та 70 әйелде ІТ-стартаптары бар, - деді Азиза Шужеева.
Оқыту кез келген жастағы әйелдерге ұсынылады. Мысалы, мектеп оқушыларына бірінші кезекте IT саласы - бұл ерлердің жұмысы деген стереотипті бұзудан қалай қорықпау керектігі айтылады.

Азиза Шижееваның пікірінше, жас әйелдер IT-стартаптарды жасауы мүмкін. 
- Мысалы, дәрігер акушер өзінің онлайн-мектебін ашты, соның арқасында ол интернет пен әлеуметтік желілердің көмегімен аналарға кеңес береді және жүктілікке, босануға дұрыс дайындалуды үйретеді, - деп түсіндірді спикер.
Ол кез келген салада бәсекеге қабілетті болу үшін ІТ дағдыларын дамыту керек деп санайды. Цифрлық коммуникацияны үйренгісі келетіндер әлеуметтік желілерде Азиза Шужееваға хабарласа алады.

Оңғар Бауыржанұлы
Фото: Константин Шелков

Павлодар :: 2 апреля 2022 10:01

 0    356

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Похожие новости

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила . Как его найду теперь

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила .

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

иван иван9 декабря 2023 15:36

Добрый день! Где карту посмотреть, не понял.

К новости:
Город на карте

Видео