Небольшая облачность27°
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарСпортКазахстанскиеМирНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 15 января 2019 19:55

 0    570

0

В избранное

Павлодар облысында 12 жастағы мектеп оқушысы қарындасын құтқарып, ерлікпен қаза тапты

Павлодар ауданындағы Ефремовка жалпы орта білім беру мектебінің 6-сынып оқушысы Азамат Жолдасбек қарындасын құтқарып қалып, өзі ажал құшты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.  
Жеткіншектің нағашы әпкесі Нұргүл Уахитованың айтуынша, 21-мамыр күні таңертең Азамат алты жастағы інісі Алдиярмен бірге мал бағуға кеткен. Кешке үйге келгенде анасы әзірлеп қойған тамақтан бас тартып, қарындасы Инабатпен бірге ауылдың шетіндегі көлге өздері қолдан жасаған ағаш қайықты жіберіп келуге рұқсат сұрап, кетіп қалған. Қастарында көрші үйдің балалары Савель мен Даша бірге болған.
 - Сол жерде мал су ішетін тоқтау судың жағасында жатқан екі метрлік бетон цементке Инабаттың аяғы тайып, құлап кеткен. Азамат болса, дереу арғы жағынан суға секірген. Ол өзінің қарындасын жиекке лақтырып жіберген де, өзі жағаға шыға алмай қалған. Бер жақта қалған үш бала бар дауыспен көмекке шақырғанмен ешкім табылмаған. Даша жағада суға тұншығып ессіз жатқан Инабаттың кеудесін қағып, суды шығара бастаған. Ол сол кезде теледидардан көргендегідей әрекет еткенін айтады. Әбден шошып қалған балалар Алдиярдың анасына жүгіріп келіп, оның суға батып кеткенін айтқан. Өкінішке орай, оқиға орнына жеткенде баланың денесі бірден табылмады. Бұған қоса, көбі жүзуін білмейтінін айтып, суға түсуден бас тартқан. Сол сәтте Дашаның әкесі келіп қалып, Азаматтың денесін жағаға алып шықты, - дейді Нұргүл Уахитова.
Мектеп директорының орынбасары Гапу Сапаржанның сөзінше, Азаматтың жүрегі ауыратын болғандықтан тізімге алынған. Сараптама қортындысы оның өкпесінде су болмағанын, яғни жүрегі тоқтап қалғанын көрсетіп отыр.
- Бұл отбасының балалары өте тәрбиелі. 2-сыныпта оқитын Инабат оқу үздігі. Алдияр – алты жаста. Азамат төрт пен беске оқитын әрі ақылды бала болатын. Қазақ-түрік лицейіне түсуге құжаттарын тапсырып қойған. Аман болса, биыл сонда білім алатын еді. Олар Рожественка ауылындағы мектепте қазақ сыныптары болмағандықтан, өзіміздің ана тілімізде білім аламыз деп, біздің мектепке автобус арқылы келетін. Азаматтың жасағаны үлкен азаматтардың қолынан келе бермейтін іс. Бұл үлкен ерлік. Ол өзінің қарындасын ажалдан арашалаймын деп, өз жанын қиды, - дейді Гапу Сапаржан.
Ақбота Сейсенбаева
Суретті Ефремовка жалпы орта білім беру мектебі ұсынды 



 www.pavlodarnews.kz 

Павлодар :: 15 января 2019 19:55

 0    570

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Владимир Владимир 9 мая 2020 01:55

Пишут в последнее время о том что у парикмахеров возросли доходы Хотелось бы поинтересоваться а почему С чем это связано Доллар подскочил или нефть подорожала Кстати этим мотивируют цены торговцы на базаре Но если меня стригли за1000 то почему сейчас за 5000 Что поменялось Я понимаю что мастера сидели без зароботка Но ведь и Я не купался в роскоши Сидел в самоизоляции И мне никто за это время не повысил зарплату И что теперь делать Вставать на забастовку повысить зарплату Куда смотрит правительство

К новости:
Портрет девочки в гимнастёрке украсит стену дома в Павлодаре

Ольга Ольга6 мая 2020 11:17

Почему пишут и говорят одно а на самом деле совсем не так Говорили что раз в неделю мы можем с села выехать за продуктами и в аптеку либо навестить пожилых родителей а что в итоге заявку на выезд онлайн подали нам отказали поехали а на блок посту вернули обратно По тел 109 никаких понятных разьяснений не дали И как нам в итоге быть

К новости:
Полезная информация на период карантина

Владимир Владимир 30 апреля 2020 15:20

Кому и для кого это пишут Сплошной обман Это как двойная бухгалтерия Для народа пишут одно а у полиции свои инструкции Я работаю всю неделю в родительский день небыло возможности поехать на кладбище надеялся это сделать в выходные опираясь на это разрешение Поинтересовался по горячей линии можно ли проехать а мне сказали что об этом даже не слышали Поедете вас арестуют

К новости:
Аким Павлодара сообщил о том, что на кладбище горожане могут поехать на личном транспорте

Видео