полиция екі қылмыстық бап бойынша тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.29 наурызда сағат 21:00-де Ақтоғай ауылында 55 жастағы ВАЗ-2114 жүргізушісі 56 жастағы ауыл тұрғынын қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Құқық бұзушы оқиға орнынан қашып кетті.
- Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды. Көлік айып тұрағына қойылды. Сараптама қорытындысы жүргізушінің сау екенін көрсетті, – деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.





