Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге шаһарда мұндай аймақтар жоқ.
Қазіргі уақытта «Коммунсервис» КММ келесі көшелерде еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізуде:
КазПравда, Лесная, Ак. Сәтбаев, Гагарин, Қамзин, Онежская көшелері, Саяжай шағын ауданы.
Күніне шамамен 1,5 мың текше метр су сорылады.
Коммуналдық қызметтердің болжамы бойынша, алдағы күндері жауын-шашын көп болмаса, апта соңына дейін еріген қар суын сору және көшелерді кептіру бойынша барлық жұмыстар аяқталады.
Фото: «Коммунсервис» КММ