°
Павлодар

Добрый день, похоже Вы первый раз зашли на наш портал.

Уточните пожалуйста, Ваш город Павлодар?

Да, верно Другой город
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарКазахстанскиеНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 2 апреля 2022 10:01

 0    402

0

В избранное

Павлодарда субұрқақтар қашан іске қосылады?

Бүгінгі таңда облыс орталығында 24 субұрқақ бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

павлодар қаласы ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаровтың мәлімдеуінше, 24 субұрқақтың  21-і коммуналдық меншікте болса, оның 18-і стационарлық және бір-бір интерьерлік, динамикалық, мүсіндік субұрқақ бар.

- 3 субұрқақ жекеменшік жұмыс істейді. Қаладағы мүсіндік субұрқақ Ак.Сәтбаев-Лермонтов көшелерінің қиылысындағы қоғамдық тамақтану мекемесінің аумағында орналасқан. Сонымен қатар, Назарбаев даңғылы мен Естай көшесінің қиылысында  және Камзин көшесіндегі сауда және ойын-сауық орталықтарының аумағында бір-бір динамикалық субұрқақ бар, - деді Арслан Қалияқбаров.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 20 субұрқаққа "Коммунсервис" КММ қызмет көрсетеді. Жыл сайын насандарды күтіп ұстауға, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінеді. Ал консервациялық жұмыстар, қоқыстарды тазалау, жабдықтарлы бөлшектеу, қондырғыларды сақтау және бөлу сияқты жұмыстары күзде жүргізіледі. 

- Сәуір айының үшінші онкүндігінен бастап,  қазан айына дейінгі маусымдық кезеңде қосымша дәнекерлеуші, слесарь және плиткалаушы мамандығына 19 жұмысшы уақытша қабылдануда. Қазіргі уақытта негізгі блоктар мен құрылыс материалдарын сатып алу бойынша, конкурстар жүргізілуде. Барлық дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Субұрқақтарды іске қосудың болжамды уақыты - 25 сәуірге жоспарналуда. Жұмыс уақыты орта  есеппен таңғы 9:00-ден түнгі 22:00-ге дейін. Ал қолайсыз ауарайы жағдайында нысандар сөндіріледі, - деді бөлім басшысы.

Бұдан бөлек, Мәсшүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің аумағындағы субұрқақ 2023 жылға дейін "Вершина"  ЖШС-ның кепілдік күтіп ұстауында тұр. Оның іске қосылуы 1 мамырға жоспарланған.

- Мамыр айының басына дейін жекеменшік ұйымдардың субұрқақтары жұмыс істей бастайды. Мәселен, "Артур" СҮ мен "Batyr mall" аумағындағы динамикалық субұрқақтар 9 мамырда іске қосылады. Жұмыс уақыты 10:00-ден 22:00 аралығы, - деді ол.

Ал қоғамдық тамақтану орындарының аумағында орыналсқан субұрқақтар 20  мамырда іске қосылмақ. Ол сағат 13:00-ден бастап 1:00-ге  дейін жұмыс істейді деп күтілуде.  

Павлодар :: 2 апреля 2022 10:01

 0    402

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Похожие новости

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила . Как его найду теперь

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила .

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

иван иван9 декабря 2023 15:36

Добрый день! Где карту посмотреть, не понял.

К новости:
Город на карте

Видео