°
Павлодар

Добрый день, похоже Вы первый раз зашли на наш портал.

Уточните пожалуйста, Ваш город Павлодар?

Да, верно Другой город
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарКазахстанскиеНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 2 апреля 2022 10:01

 0    431

0

В избранное

Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы бекітілген тұжырымдаманың негізгі аспектілері талқыланды

павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Мұратбек Қасымов өңірдің бизнес қауымдастығымен кездесті, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz.

Кездесуге Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының басшылығы, кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Ашық диалог алаңында шет елдердің тәжірибесі бойынша жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу туралы мәселелер талқыланды. 

Сонымен қатар, Мұратбек Қасымов Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының бекітілген тұжырымдамасының негізгі аспектілерімен  таныстырды. Тұжырымдаманың міндеттерінің бірі - бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу болып табылады. 

Қазіргі уақытта тұжырымдамада бизнес қоғамдастықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға ерікті түрде қатысуы қарастырылған. Яғни, өз бастамасы бойынша бизнес субъектілерінің қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарға келтіру, комплаенс-қызметтерді құру және басқалар. 

Сондай-ақ, кездесу барысында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Шыңғыс Ағжамбаев сөз сөйлеп, өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын енгізудің оң тәжірибесімен бөлісті. 

Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге елеулі әсер етеді деген пікір білдірді. Іс жүзінде іске асыру сатысында олардың "Тәртіп орнату" функцияларын орындаудағы дербестігі мен тәуелсіздігі сыни мәнге ие болады. Олардың жұмысы корпоративтік мәдениеттегі парасаттылық бағытындағы оң өзгерістерге әсер етеді. 

- Бүгінде жеке компаниялар үшін де комплаенс қызметтерін құру құқығы заңнамалық түрде бекітілген. Осы жұмысқа қосылуға шақырамыз. Бұл жұмыста ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс шын мәнінде жұмыс істейтін тетік болуы және ұйымдардың корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс. Бірақ бұл үшін көптеген жылдар бойы тиімді болатын механизмді ескере отырып, іске асыру кезеңінде айтарлықтай күш салу қажет. Өңірдің бизнес қоғамдастығы ашық және адал жұмыс жүргізеді деп үміттенеміз, - деді Мұратбек Қасымов.


Павлодар :: 2 апреля 2022 10:01

 0    431

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Похожие новости

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила . Как его найду теперь

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила .

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

иван иван9 декабря 2023 15:36

Добрый день! Где карту посмотреть, не понял.

К новости:
Город на карте

Видео