°
Павлодар

Добрый день, похоже Вы первый раз зашли на наш портал.

Уточните пожалуйста, Ваш город Павлодар?

Да, верно Другой город
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарКазахстанскиеНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 2 апреля 2022 10:01

 0    351

0

В избранное

Павлодардан Шымкентке қатынайтын әуе рейстері тоқтатылды

павлодар әуежайында Шымкентке дейінгі билеттер наурыз айының соңында сатыла бастаған еді. Ал әуе кемесі жексенбі күні ұшуы керек болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алайда Flyarystan әуекомпаниясы Павлодар – Шымкент бағытындағы өзгерістер туралы хабарламаған. Ал лоукостердің ресми сайтында билетті онлайн сатып алу мүмкіндігі болмаған. Күнтізбеде тек Алматы арқылы ұшу рейсі ғана көрсетілген.

Осы мәселені түсіндіру үшін Pavlodarnews.kz  тілшісі авиакомпанияға және Павлодар әуежайына хабарласып, мән-жайды анықтауға тырысты. Белгілі болғандай, 27 наурыз күні Павлодар-Шымкент бағытында рейс болған, кейінірек бұл бағыттағы ұшу жолы жабылған.

- Наурыз айының соңында компания жазғы маусымды ашып,   барлық бағытқа билеттерді сатуды енгізді. Өкінішке қарай, апта басында олар ешқандай себепсіз Шымкентке қатынайтын рейсті тоқтатты. Бұл тек бізде ғана емес, еліміздегі өзгеде қалаларда осындай жағдай болды. Біз осы мәселе бойынша түсініктеме беру үшін хат жаздық, – деп жауап берді "Павлодар әуежайы" АҚ басқарма төрағасы Ескендір Жандәулетов.

Оның айтуынша, аталмыш бағыт сұранысқа ие болған. Бортта орташа есеппен 150-160 жолаушы Павлодардан Шымкентке ұшып кеткен.

- 2020 жылы да осы бағытта ұшақтар ұшырылды. Бірақ кейін де кестеден алынып қалды. Нақты себебін біз де біле алмаймыз. Жай ғана "өндірістік қажеттілікке байланысты рейстерді тоқтату" деп түсіндіреді, – деп толықтырды басқарма төрағасы.

Павлодарлықтар тоқтаған рейстердің билеттерін сатып алған кассадан қайтара алады.

Павлодардан бұрынғысынша Алматы мен Түркістанға ұшуға болады. Наурыз айының соңында облыс орталығы Мәскеумен әуе қатынасын байланыстыруды жоспарлауда. Бағыт Ресейдің екі авиакомпаниясына қызығушылық танытты. Алайда, халықаралық жағдайға байланысты рейстер белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Павлодар :: 2 апреля 2022 10:01

 0    351

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Похожие новости

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила . Как его найду теперь

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила .

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

иван иван9 декабря 2023 15:36

Добрый день! Где карту посмотреть, не понял.

К новости:
Город на карте

Видео