Жүргізушіге қатысты жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 25 хаттама толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.2021 жылдан бастап 28 жастағы павлодарлыққа жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 25 хаттама толтырылды. ГАЗ автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін сақтамаған, қауіпсіздік белдігін елемей, жаяу жүргіншілерді өткізбеген.
- Қасақана тәртіп бұзушы Нұрмағамбетов пен Қамзин көшелерінің қиылысында ұсталды. Көлік айып тұрағына жеткізілді, - деді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Ол өз айыппұлдарын электрондық egov.kz үкімет порталының көмегімен онлайн тексеруге және төлеуге болатынын еске салды. Сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде және qamqor.gov.kz, Kaspi.KZ мобильді қосымшалары арқылы төлеуге болады.
"Борышкер" жедел алдын алу іс-шарасының үш күнінде өңірде борышкерлерден 17 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынды, айыппұл төлемеген 12 автокөлік айып тұрағына қойылды.





