°
Павлодар

Добрый день, похоже Вы первый раз зашли на наш портал.

Уточните пожалуйста, Ваш город Павлодар?

Да, верно Другой город
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарКазахстанскиеНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 28 декабря 2021 11:00

 0    477

0

В избранное

Павлодарлықтар үшін 2021 жыл несімен есте қалды?

Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігі биыл облыста өткен басты оқиғаларды оқырмандармен бірге еске алуды ұсынады.
insta-imanbekmusic.jpg
Жыл музыканты – Иманбек Зейкенов. Бұрынғы теміржол жұмыскері Иманбек әлемді дүр сілкіндіріп, «Грэмми» премиясын ұтып алды. Бұл туралы жаңалық 14 наурызда шықты. Әрі қарай диджей әрі продюсер облыс басшылығы тарапынан әртүрлі марапатқа ие болып, 2 000 000 теңге көліміндегі сыйақыға ие болды. Бұл қаражатты мәрт Иманбек қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрді. Оған қоса ақсулық диджей биыл Ресейдегі Жыл музыканты атанды.
baihan i bardak na ulicah Pvldar 1.jpg
Жыл әкімі – Асайын Байханов. Биыл ғана павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымын қалдырып, облыс орталығының әкімі болып ауысқан Асайын Байханов жұмысқа бірден белсенді кірісіп кетті. Жұмысын жазда бастаған ол бірінші кезекте шыбын-шіркеймен күрескенімен есте қалды. Оның нәтижесін әртүрлі бағамдауға болады. Дегенмен, әкімнің маса күшейетін шақта түнде Ертіс жағалауын аралап жүруін ерлік демеске болмайды.
temirjanov-temirzhanov.jpg
Жыл спортшысы – Серік Теміржанов. Ертіс ауданының тумасы 2021 жылы ең ірі екі жарысқа қатысып үлгерді: олимпиада және әлем чемпионаты. Токиода боксшымыз 1/8 финалда америкалық Дюк Рэганға есе жіберді. Күзде Сербияда өткен әлем біріншілігінде Серік финалға дейін жетіп, онда да америкалық боксшыға ұтылды. Осы жолы алтынның жолын кескен Джамал Харви болды. Дегенмен, Серік Теміржанов облыс тарихында мұндай жетістікке жеткен тұңғыш боксшы атанды. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов Серіктің бұл еңбегін бағалап, былғары қолғап шеберіне пәтер кілттерін табыстады. 
urozhay-egin-astiq-nan-biday-combine-kombayn-ertis-awdani-zhatva-uborka.jpg
Жыл миллионы – күзгі жиын-терім. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Павлодар облысы тағы бір айтулы жетістікке қол жеткізді – өңіріміз Қазақстан тәуелсіз атанғалы тұңғыш рет миллион тонна егін жинады. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов осы орайда шаруалардың ерекше еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді. Жалпы, агросаладағы жалпы өнім көлемінен облысымыз 2021 жылы елімізде бірінші орынға шықты. 
67f79c64-e70e-4416-a479-6e2f6b7b3bc6.jpg
Жыл командасы – «Ақсу» футбол клубы. Былтыр ғана Қазақстанның Екінші лигасында ойнайтын команда. 2021 жылдың қорытындылары бойынша еліміздің ең жоғарғы дивизионы – Премьер-лигада ойнауға мүмкіндік алды. Осы арқылы Павлодар облысына үлкен футболды қайтару міндеті орындалды. Ұжымда доп тебетін футболшылардың 90 проценті – жергілікті жігіттер. 
Turlibek.jpg
Жыл футболшысы – Мирас Тұрлыбек. Жыл командасы - «Ақсудың» шабуылшысы Бірінші лиганың үздік футболшысы атанды. 20 жасар Мирас Бірінші лигада 21 гол соғып үздік сұрмерген атанды. Оған қоса, форвард биыл Қазақстан жастар құрамасында тұңғыш матч өткізді. Жас бомбардир 2022 жылы да қарсылас қақпаларын дәл көздейді деп сенеміз.
VNB_2335.jpg
Жыл құрылысы – «Жеңімпаз» үстел теннисі орталығы. 2021 жылы Павлодарда барлық халықаралық стандарттарға сай мамандандырылған үстел теннисі орталығы ашылды. Орталық екі қабатты 720 шаршы метрлік әкімшілік ғимараты мен 1780 шаршы метрлік ойын залынан тұрады. Спортшыларға 12 үстел жайылған. «Жеңімпаз» үстел теннисі орталығы «Баянтау» спорт кешенінің жанында орналасқан. Ірі еуропалық компаниясы «Astron buildings» құрал-жабдықтарынан салынды. Жоба құны 1,2 млрд теңге.
VNB_2021-12-04-aitys(4).jpeg
Жыл айтыскері – Аспанбек Шұғатаев. Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тағзым» атты  облыстық ақындар айтысының жеңімпазы бас жүлдесін ұтып, қанжығасына 2 000 000 теңгені байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов құттықтады.
80c0997829be23f3a9c525988a5bc5f0.jpg
Жыл кәсіпорны – «ЭКОпром Павлодар» ЖШС. Аталмыш кәсіпорын «Алтын сапа» конкурсында «Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын» номинациясында «ІСКЕР» премиясын ұтып алды. Аталған компания металдан бұйым жасаумен айналысады. Оған қоса Павлодарлық «ERG Service» «Парыз» премиясының лауреаты атанды. 
nuhuly-nuhuli1.jpg
Жыл сенаторы – Алтынбек Нұхұлы. ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты «Қазақ үні» газеті мен Qazaquni.kz ақпарат агенттігі жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан «Жыл адамы – 2021» таңдаулысы атанды. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, сенатор Алтынбек Нухұлы биылғы жылы Үкімет басшысы атына депутаттық сауал жолдап, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына лайықты деңгейде өткізу керектігін айтқан.
77f30d9a-0a03-48a2-99f7-58f721617f16.jpg
Жыл жүлдесі – «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысы. Биыл облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың бастамасымен білім мен ғылым, өнер, спорт саласында, жалпы ерекше қабілеттерімен, үлгі тұтарлық қылықтарымен танылған оқушыларға арналған «Тәуелсіздік ұланы» сыйлықақысын тағайындады. 2021 жылы 145850 теңге сомасындағы премия 300 балаға табыс етілді. 
ed869b8944b85332e187f4d174098833.jpg
Жыл форумы – «Мен сенемін» республикалық форумы. Екі күндік форум бүкіл Қазақстаннан еріктілерді жинады. Жиын барысында қазақстандық волонтерлер мен республикалық қайырымдылық конкурстарының қорытындысы шығарылады. Сол кезде «Мейірімді істер марафоны» жалпыұлттық жобасының «Ең мейірімді...» республикалық байқауының қорытындылары бойынша өңіріміз «Ең мейірімді облыс» атағын иемденді.

Айбек Жұматов

Фото Константина Шелкова и Валерия Бугаева

Павлодар :: 28 декабря 2021 11:00

 0    477

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Похожие новости

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила . Как его найду теперь

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила .

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

иван иван9 декабря 2023 15:36

Добрый день! Где карту посмотреть, не понял.

К новости:
Город на карте

Видео