Небольшая облачность14.4°
Павлодар

Добрый день, похоже Вы первый раз зашли на наш портал.

Уточните пожалуйста, Ваш город Павлодар?

Да, верно Другой город
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарКазахстанскиеНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Казахстанские :: 14 января 2019 17:56

 0    684

0

В избранное

Банкоматта қазақ тілін таңдау неге маңызды?

Бір күні бір досыммен банкоматқа барып қалдым. Сол кезде сол досым банкоматта қазақша басқаныма аң-таң болып, 1 000 000 жыл бұрын қырылып кеткен динозаврды көргендей көзі банка болды.

Кейін бұл жігіт өзінің достарымен таныстырғанда, «банкоматта қазақ тілін тандайтын жігіт» деп қалжындап таныстыратын болды. 

Сол кезде бұл жайға аса мән аудармаппын. Бірақ уақыт өте келе, достарым, туысқандарым, жалпы бүкіл айналамдағы ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН адамдардың 99%-ы банкоматта орысша тандайтынына көзім жетті. Сол адамдардың арасында қазақ тілі үшін жаны ашитындар аз емес.

Бірақ, неліктен қазақ тілін тандау маңызды? Ал, себебі мынау. Банк жүйелерін жақсы түсінетін адам ретінде айта кетейін. Әр банк, жалпы дені сау әр бизнес өзіне ‘Тұтынушы портретін’ құрады. Ол не? Ол тұтынушының орта жасы, ол тұтынушының жынысы, оның геолокациясы, оның сөйлейтін тілі және т.б. сан мыңдаған тұтынушыны сипаттайтын қасиеттер. Сіз қалайсыз ба, қаламайсыз ба, әр бизнес сізді не мына, не ана топқа қосып, сегментацияны жүзеге асырады. Мысалға, каспи банкта көбінесе жеке тұлғалар, казкомбанкта көбінесе бизнес, мекемелер, ал Халық банкта көбінесе зейнеткерлермен мемлекеттік мекемелерде істейтін тұтынушылар қызмет алады.

Сол сияқты, вконтакте желісі көбінесе мектепте және университетте оқитын жасөспірімдер болса, фейсбук желісінде көбінесе ересек адамдар отырады. 

Мінекей, сәйкес түрде әр адам орысша не қазақша таңдау арқылы, банкта қазақ және орыс тілді тұтынушылардың үлесі өзгеріп отырады. Ал енді сұрақ, сіздердің әрқайсыныз орыс тілді таңдау арқылы банктағы тұтынушылардың ішінде орыс тілділердің үлесін 95% жеткіздіңіз, ал қазақ тілді тұтынушы 5% болып қалды.

Банк қай тұтынушының мүддесін қорғауға тырысады? Қай топтың пікірін құлаққа асады?

«Қазақ тілді тұтынушысың ба? Сен кімсің, сен жоқ болып кетсең де, біз байқамай қаламыз», — деуі мүмкін.

Шынымды айтсам әр банкпен тіл мәселесі бойынша күресуден шаршадым. Өйткені олар маған статистиканы көрсетеді, 95% орысша қолданады, несіне сен басымызды қатырасың дегендей. 

Сондықтан, әрдайым банкоматқа барғанда орыс тілін тандау арқылы, қазақ тілінің үлесін ысырып тастағаныңызды есте сақтағаныңыз жөн. 

Осыдан кейін қазақ тілін компаниялар менсінбейді деп ренжитын қазақпыз ғой.

Жалпы, бұл банкоматқа ғана қатысты емес, барлық қызмет түрлеріне қатысты.

Ғани Мырзамұратовтың фейсбуктегі жазбасынан

http://www.dalanews.kz

Казахстанские :: 14 января 2019 17:56

 0    684

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Похожие новости

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила . Как его найду теперь

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила .

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

иван иван9 декабря 2023 15:36

Добрый день! Где карту посмотреть, не понял.

К новости:
Город на карте

Видео