°
Павлодар

Добрый день, похоже Вы первый раз зашли на наш портал.

Уточните пожалуйста, Ваш город Павлодар?

Да, верно Другой город
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарКазахстанскиеНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 30 августа 2023 13:57

 0    106

0

В избранное

Павлодар облысы мұнай өңдеу өнімдері бойынша үшінші орында

Павлодар облысы мұнай өңдеу өнімдері бойынша үшінші орында

2023 жылғы қаңтар-шілдеде өңірде кокс және мұнай өңдеу өнімдері 95,5 млрд  теңге сомасына өндірілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, жалпы көлемдегі мұнай өндеу өнімдерінің өндірісі 3071,9 мың тоннаны құрады. Оның ішінде 32,8% – газойльдерге (дизельдік отын), 27,2% – мотор отынына (бензин, соның ішінде авиациялық), 10,9% – оттық мазутқа, 8,5% – мұнай және тақта тасты коксқа, 4,6% – мұнай және тақта тасты битумдарға, 6,1% көмірсутекті сұйытылған газдарға келеді. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің үлесі 5,5% алады, өңдеу өнеркәсібінде – 8,9%. 

– Қазақстан өңірлері арасында жалпы көлемдегі мұнай өңдеу өнімдері бойынша біздің облыс Атырау облысы және Шымкент қаласынан кейін үшінші орынды алады. Олардың үлесі республика көлемінде (12240 мың тонна) 33,6% және 30,2% құрайды, – деп жазылған хабарламада.

Биыл қаңтар-шілде аралығында кокс және мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісіне 12,1 млрд теңге көлемінде инвестициялар салынған. Ал қаңтар-маусым айларында осы саладағы орташа жалдамалы жұмыскерлердің саны – 1829 адам. Олардың орташа айлық еңбек ақысы өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4% көбейіп, 576224 теңгені құрады.

Еске сала кетейік, көмір өндіру бойынша павлодар облысы республикада бірінші орынды (39,2 миллион тонна) алады. Мемлекетіміздің жалпы көмір өндірісіндегі (65 миллион тонна) Павлодар облысының үлесі – 60,3%, келесі кезекте Қарағанды облысы – 31,7% және Абай облысы – 6,5%.

Павлодар :: 30 августа 2023 13:57

 0    106

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Похожие новости

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила . Как его найду теперь

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила .

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

иван иван9 декабря 2023 15:36

Добрый день! Где карту посмотреть, не понял.

К новости:
Город на карте

Видео