°
Павлодар

Добрый день, похоже Вы первый раз зашли на наш портал.

Уточните пожалуйста, Ваш город Павлодар?

Да, верно Другой город
Разделы портала Поиск

Введите не менее 4х символов...

 
Все новостиПавлодарКазахстанскиеНародные новостиАфишаЗОЖНовости компанийИзбранноеПоиск

Павлодар :: 7 сентября 2023 10:20

 0    115

0

В избранное

Павлодар облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылады

Павлодар облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылады

Бұл жоба халықтың қаржылық мәдениеті мен кредиттік тәртібін арттыру үшін пәрменді құрал болады деп күтілуде, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

«AMANAT» партиясы павлодар облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандықтар арасында қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған бастама – «Қарызсыз қоғам» жобасы өзін жақсы көрсетті. Келесі жылы жобаны Павлодар облысында іске асыру жоспарлануда.

Партияның облыстық филиалының XL есептік-сайлау конференциясы өтті. Жиынға партия Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, қалалық және аудандық филиалдардың атқарушы хатшылары, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдары мен «Jastar Ruhy» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда Ертіс-Баян өңіріндегі партиялықтардың саны 48 591 адамды құрайды және 213 бастауыш партия ұйымы табысты жұмыс істеуде.

Конференция делегаттарының алдында сөйлеген сөзінде «AMANAT» партиясы Орталық аппаратының басшысы Мәди Оспанов біздің еліміз реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқанын және ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының көптеген тармақтары Павлодар өңірі үшін зор маңызға ие екенін атап өтті.

– Жаңа өнеркәсіптік саясат еліміздің ірі индустриялық өңірлерінің бірі ретінде Павлодар облысының дамуына серпін береді. Өңірдің әрбір үшінші тұрғыны өндіріспен байланысты, әрбір алтыншысы ауылда еңбек етеді. Жолдауда айтылған шаралар Павлодар облысының ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм, сондай-ақ көлік-транзит секторындағы үлкен әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Жолдауды негізге ала отырып, партия Төрағасы Ерлан Қошанов партияластар алдында бірқатар міндеттерді белгіледі. Ең алдымен – Жолдаудың негізгі тармақтарын кеңінен талқылау және түсіндіру, – деп атап өтті Мәди Оспанов.

Мемлекет басшысы белгілеген партиялық жобаларды іске асыру – «AMANAT» партиясының алдына қойылған басым міндет.  «Жер Аманаты» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде биыл 5 млн гектарға жуық пайдаланылмаған жерді мемлекетке қайтару жоспарлануда. Павлодар облысында ауданы шамамен 380 мың га құрайды, оның жартысына жуығы мемлекетке қайтарылды.

Ауыл халқының табысын арттыру мақсатында партия «Ауыл Аманаты» жобасын іске асыруда. Бұл жобаны іске асыру үшін партияластар кең ақпараттық жұмыс жүргізуде. Бүгінгі таңда Павлодар облысында бөлінген қаражат аясында 1,5 млрд теңге толық игерілді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы Halyk Bank-пен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасының басталғанын жариялап, тиісті меморандумға қол қойған болатын. Халықтың қаржылық сауатын арттыратын жоба биыл еліміздің сегіз өңірінде жүзеге асырыла бастады. Оқуға кез келген ниет білдіруші қатыса алады.

Павлодар :: 7 сентября 2023 10:20

 0    115

0

В избранное

Поделиться в социальные сети:

Похожие новости

Комментарии

Авторизуйтесь чтобы оставлять комментарии.

Пока никто не разместил комментарий. Будь первым!

Последние комментарии на портале

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила . Как его найду теперь

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

Мала Мала 15 января 2024 18:37

У меня один пограничник спросил номер, пожалела что не оставила .

К новости:
В пограничном управлении Бейнеу призывники приняли военную присягу

иван иван9 декабря 2023 15:36

Добрый день! Где карту посмотреть, не понял.

К новости:
Город на карте

Видео