Жақында #премьера! "Жыр жазамын жүрегімнен" мюзиклі - белгілі жазушы-драматург Тахауи Ахтановтың "Махаббат мұңы"  пьесасының желісі бойынша, аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" әндерімен өрнектеліп, қазақтың ақиық ақыны Төлеген Айбергеновтің өлеңдерімен нақышталып, қойылып отыр. ~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~
Адам. Соның ішінде талант тағдыры, өнер адамдардың сан қилы өмірі, студенттік шақтың қызығы мен шыжығы, ақындықтың мұң азабы, сезімнің тазалығы, махаббат- бәрі-бәрі бұл қойылымда көрініс табады. Спектакльге арқау болған адалдық, достық, сатқындық сынды сезімдер шиеленісі кез-келген көрерменді бей-жәй қалдырмасына сенеміз! Ендеше, ән сүйер, поэзияның құдіретін түсінер көрерменге рухани демалуға таптырмас қойылым - "ЖЫР ЖАЗАМЫН ЖҮРЕГІМНЕН" мюзиклінен қапы қалмаңыздар! Жаңаны көруге асығыңыздар!!! Касса: 31 - 02 - 09
Онлайн сатып алу #Тикетон арқылы жүзеге асырылады!  @teatr_pavlodar





 
            
